Об утверждении Правил проведения экспертизы продукции иностранных теле-, радиоканалов, подавших заявления для постановки на учет, на предмет соответствия законодательству Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения экспертизы продукции иностранных теле-, радиоканалов, подавших заявления для постановки на учет, на предмет соответствия законодательству Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 26.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2016 99652_62585.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013209
- ЭКБ идентификаторы
- 99652
- Редакция идентификаторы
- 99652_62585
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:53
0 Есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік
теле-, радиоарналардың өнімін
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан
сараптама жүргізу қағидаларын
бекіту туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қантардаң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының.
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 75 бұйрығымен бекітілген
Есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан
сараптама жүргізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2 2. Қағидалар есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
3 3. Есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізуді (бұдан әрі – Сараптама) телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4 4. Сараптама осы қағидаларға 1-қосымшаға (бұдан әрі - өтініш) сәйкес нысан бойынша шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін уәкілетті органға өтініш түскеннен кейін жүргізіледі.
5 5. Есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан жүргізілген сараптаманың нәтижесі уәкілетті органның сараптамалық қорытындысы негізінде беріледі.
6 6. Сараптама объектілеріне мыналар:
1 1) шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты;
2 2) шетелдік теле-, радиоарнаның хабарын тарату кестесі жатады.
7 7. Cараптамаға мыналар:
1 1) шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытын тексеру;
2 2) шетелдік теле-, радиоарна хабарын тарату кестесін тексеру;
3 3) Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңнамаларының нормаларына келетін қайшылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының бұзушылықтарын анықтау тұрғысында жүргізілген сараптаманың объектілерін зерттеуді қамтиды.
2 2. Есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу тәртібі
8 8. Сараптама осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген қарауға берілген сараптама объектілерін зерттеуді қамтиды.
Шетелдік теле-, радио арна ұсынған құжаттарды қарау кезінде, шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының нақты сәйкестігі және Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңнамаларының нормаларына келетін қайшылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының бұзушылықтарын анықтау тақырыбында хабар тарату кестісіне зерттеу жүргізіледі.
9 9. Сараптаманың мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды.
10 10. Сараптама жүргізу барысында уәкілетті орган:
1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысында есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналар өнімінің дәлелді, негізді, объективті және толық сараптамалық қорытындысын дайындайды;
2 2) сараптамалық зерттеу жүргізу үшін ұсынылған сараптаманың зерттеу объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәліметтерді жария етпейді, сондай-ақ оларға жария баға беруден тыйылады.
11
11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысында есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналар өнімдерінің сараптамалың қорытындылары екі данада жасалады және Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды таратудың жөнінде туралы мәліметтерді қамтиды.
12 12. Сараптамалық тұжырымда мыналар:
1 1) сараптаманы жүргізген тұлға;
2 2) зерттеу объектісінің толық атауы;
3 3) жүргізілген сараптаманың дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық негіздемесі;
4 4) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген сараптама объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылатыны немесе ұсынылмайтыны көрсетілген сарапшының қорытындысы көрсетіледі.
13 13. Сараптамалық қорытындыға сараптаманы жүргізген тұлға және уәкілетті органың басшысы қол қояды.
1 Есепке қою үшін өтініштер берген
шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_______________________________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны есепке
қою туралы куәлік беретін органның толық атауы)
_______________________________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы
куәлік беретін орган басшысының Т.А.Ә.А.)
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік
теле-, радиоарнаны есепке қою туралы
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
(қайта есепке алу жүргізілген және телнұсқа берілген
жағдайда, себептері көрсетіледі)
шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қою, телнұсқа
беруді жүзеге асыруды) сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: _____________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұратын жері/орналасқан жері,
ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)
Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері): ________________________
Теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесi: ___________________________
(кейінгі ай)
Теле-, радиоарнаның негiзгi тақырыптық бағыты: ______________________
Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы: ________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы: ____________________________
(индексі, қала, аудан, көше, үй, телефон, электрондық мекенжайы)
Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау
туралы мiндеттемесi _________________________________________________
Өтiнiшке қоса беріледі:
1._____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
_______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)
М.О. 20__ ж. «___» ____________
2 1. Жалпы мәліметтер
Есепке қою үшін өтініштер берген
шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан
сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан
есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналар
өнімінің сараптамалық қорытындысы
__________________________________________________________________
(сараптама объектісінің толық атауы)
Сараптама қарауына ұсынылды:
____________________________________________________________________
(ұсынылған материалдардың, басқа құжаттардың атауы,)
Материалдар 20__ жылғы __________________________ қарауға
(күні, кіріс тіркеу нөмірі) ұсынылған
1. Жалпы мәліметтер
Шетелдік теле-, радиоарнаның; шетелдік теле-, радиоарна меншік иесінің; шетелдік теле-, радиоарнаның ретрансляциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы резидентінің; шетелдік теле-, радиоарна тарату ауданының; шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының; шетелдік теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесінің қысқаша сипаттамасы.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына шетелдік теле-, радиоарнаның сәйкестігін бағалау
Шетелдік теле-, радиоарнаның; шетелдік теле-, радиоарна меншік иесінің; шетелдік теле-, радиоарнаның ретрансляциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы резидентінің; шетелдік теле-, радиоарна тарату аумағының; шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының; шетелдік теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесінің толық сипаттамасы. Өткізілген сараптаманың дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық негіздемесі.
3. Қорытынды
Сараптама объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға ұсынылады/ сараптама объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылмайды» қорытынды сараптаманы жүзеге асыру нәтижесі болып табылады.
Уәкілетті органның басшысы
қолы Т.А.Ә.
Уәкілетті органның орындаушысы
қолы Т.А.Ә.