О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам финансового рынка и финансовых организаций Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы, Тізбенің 2016 жылғы 15 мамырдан қолданысқа енгізілетін 11-тармағын және Тізбенің 5-тармағының 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін отыз үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық процеске, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеуге, сақтандыру жөніндегі бірыңғай деректер базасының сақталуына және үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ деректер базасының басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісінің нысанын, Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі қағидалардың мазмұнына, жеткізушілердің деректер базасын қалыптастыру үшін ақпаратты ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды, ақпаратты жеткізушілер ұсынатын ақпараттың мазмұнына қойылатын қосымша талаптарды, оны электрондық түрде ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ сақтандыру есептерін ұсыну тәртібін белгілейді.»; 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Талаптарда Сақтандыру қызметі туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:»; 2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Ұйымның қызметін жүзеге асыруға Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі және Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі қағидалар болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Сақтандыру қызметі туралы заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізуші Ұйымға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген «Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысында (бұдан әрі – № 24 қаулы) көзделген мәліметтерді нақты уақыт режимінде ұсынады.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Ұйым мынадай тәртіппен сақтандыру полисіне бірегей нөмірді тағайындайды: 1) сақтандырушының мазмұнына қойылатын талаптар № 24 қаулысында белгіленген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушының өтініші негізінде сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы (көлік құралдары) туралы мәліметтерді енгізуі; 2) деректер базасында міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисіне енгізу үшін қажетті мәліметтер бар сақтандыру есебін қалыптастыру; 3) сақтандыру полисіне сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмірді тағайындау; 4) деректер базасында қалыптастырылған ақпаратты, оны сақтандыру полисінің бланкісіне басып шығару ақырлы шығару.»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Ұйым ақпаратты жеткізуші ұсынған ақпаратты, ол дұрыс немесе толық ресімделмеген, ақпаратты жеткізушінің, сақтандыру есебін алушының, деректер базасы субъектісінің деректері пайдаланылатын ақпарат жүйесінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сақтандыру есептерін қалыптастыру және пайдалану жүйесінде пайдаланбай қайтарып беруі мүмкін.»; 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «48. Пайдаланушының дербес компьютері құрамында пайдаланушылардың сәйкестендіру және бірдейлендіру құралдары бар, компьютерге кірумен және пайдаланушылардың іс-қимылдарымен байланысты қызметті бақылау мақсатында электрондық құжаттардың сақталу мерзімі ішінде электрондық журналдарды жүргізу мүмкіндігі бар қорғау кешенімен жабдықталады.»; 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «51. Пайдаланушының дербес компьютері бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын қамтамасыз ету құралымен жабдықталады.»; 53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «53. Қорғаныс жүйесін пайдалана отырып, ақпаратты ақпараттық ортаға жинақтау үшін бөлінген ресурстарға (дискілік кеңістік, директориялар, желілік ресурстар, деректер базалары және басқалар) кіру, ақпараттық ортадан ақпаратты алу, ақпаратты сақтау, мұрағаттау не басқа да өңдеу тәртібі бұл ресурстарға рұқсат етілмеген кіру мүмкіндігін бермейді.»; 64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «64. Негізгі ақпараты бар сыртқы тасымалдағыштарды сақтау және пайдалану тәртібі оларға рұқсат етілмеген кіру мүмкіндігін бермейді.»; 67-тармақ алынып тасталсын; 8-тарау алынып тасталсын; 1-қосымша Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
Тармақ 6
Тармақ 7
Тармақ 8
8. «Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7781 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларында: 1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің не заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін заңды тұлға орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында не Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтерді;»; 4-қосымша Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 9
Тармақ 10
Тармақ 11
11. «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында: 17-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға не оның қызметкерлеріне қатысты қабылданған кәсіби ұйымның шешімдерін;»; 20-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) кәсіби ұйымның қолданған ықпал ету шаралары;».
Басқа 1. Деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарға қосымша Нысан Деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі __________________________________________________________________________ (Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының атауы) 20 ___жылғы «____»_____________ күні ______________________________ жасалған орны «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 79-бабының 5-тармағына сәйкес мынадай құрамда комиссия құрылды: уәкілетті органның өкілдері (лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсету): _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________, ол ___________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________. (атауы) Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің осы актісін жасады. Комиссия жұмысына Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының өкілдері (лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсету) қатысады: _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________. Сақтандыру қызметі туралы заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілермен ақпаратты ұсыну туралы жасалған шарттарға қатысты мәліметтер: № Ақпаратты жеткізушінің аты Шарттың нөмірі мен жасалған күні Тестілеу нәтижесі Тестілеу нәтижесіне түсіндірме 1 Сақтандырушылар 1.1 … 2 Деректер базасының субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган 2.1 … 3 Өзге тұлғалар 3.1 … 4 Барлығы (саны) Сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру: Деректер базасын басқару жүйесінің сипаттамасы: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Ақпаратты ұсыну туралы шартты жасасқан ақпаратты жеткізушілермен ақпараттық процесті тестілеу нәтижелері: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының өкілдері түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Комиссия Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (атауы) техникалық және өзге құжаттарын, Сақтандыру қызметі туралы заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілермен жасалған ақпаратты ұсыну туралы шарттарды тексерді, оның деректер базасын және сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға арналған өзге объектілерін басқару жүйелерін зерттеді және бұл Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымы ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге дайын (дайын еместігін) анықтады. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымы комиссияның актісіне қоса берілген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға, деректер базасын басқару жүйесіне және ақпараттық процесті тестілеуге қатысты мынадай құжаттарды ұсынды: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________. Акті екі данада жасалды және бір-бір данамен мыналарға: уәкілетті органға; Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымына жіберілді. Комиссия мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы және қол қойылған күні): ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу ұйымын өкілдері (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы және қол қойылған күні): ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы және қол қойылған күні): ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша
Басқа 4
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша
Басқа 5
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша
Басқа 6
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 6-қосымша
Басқа 7
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 7-қосымша
Басқа 8
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 8-қосымша
Басқа 9. Халықаралық қор биржаларының тізімі
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 9-қосымша Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларына 4-қосымша Халықаралық қор биржаларының тізімі
Тармақ 1
1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG);
Тармақ 2
2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange);
Тармақ 3
3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, ВSE);
Тармақ 4
4. Бразилия қор биржасы (Bovespa);
Тармақ 5
5. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange);
Тармақ 6
6. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing);
Тармақ 7
7. Амстердамдағы «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam);
Тармақ 8
8. Брюссельдегі «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels);
Тармақ 9
9. Лиссабондағы «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon);
Тармақ 10
10. Париждегі «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris);
Тармақ 11
11. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange);
Тармақ 12
12. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange);
Тармақ 13
13. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA);
Тармақ 14
14. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange);
Тармақ 15
15. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia);
Тармақ 16
16. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV);
Тармақ 17
17. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited);
Тармақ 18
18. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG);
Тармақ 19
19. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange);
Тармақ 20
20. Испания біріккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges);
Тармақ 21
21. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.);
Тармақ 22
22. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange);
Тармақ 23
23. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange);
Тармақ 24
24. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange);
Тармақ 25
25. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange);
Тармақ 26
26. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange);
Тармақ 27
27. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange);
Тармақ 28
28. Афина қор биржасы (Athens Exchange);
Тармақ 29
29. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange);
Тармақ 30
30. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Securities Exchange South Africa);
Тармақ 31
31. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange);
Тармақ 32
32. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg);
Тармақ 33
33. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange);
Тармақ 34
34. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal);
Тармақ 35
35. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange);
Тармақ 36
36. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange);
Тармақ 37
37. Осло қор биржасы (Oslo bourse);
Тармақ 38
38. Ресей Федерациясының қор биржасы (ОАО ММВБ-РТС);
Тармақ 39
39. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ);
Тармақ 40
40. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange);
Тармақ 41
41. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange);
Тармақ 42
42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange);
Тармақ 43
43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange);
Тармақ 44
44. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange);
Тармақ 45
45. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange).
Басқа 10
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 10-қосымша
Басқа 11
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 11-қосымша
Басқа 12
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 12-қосымша