Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об оказании безвозмездной военно-технической помощи

Заң · № 465-V · қабылданған 29.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99678/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об оказании безвозмездной военно-технической помощи Қолданыста Заң ·№ 465-V ·29.02.2016
29.02.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об оказании безвозмездной военно-технической помощи

Қолданыста Заң ·№ 465-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об оказании безвозмездной военно-технической помощи
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
465-V
Қабылданған күні
29.02.2016
Көрсетілген редакция
29.02.2016 AI99678_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1600000465
ЭКБ идентификаторы
99678
Редакция идентификаторы
AI99678_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:13

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы

2015 жылғы 24 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
өзара достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және әскери саладағы ынтымақтастыққа ұмтыла отырып,
1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту қажеттілігіне сүйене отырып,
Қырғыз Республикасының Қарулы Күштерін дамытуда жәрдем көрсету мақсатында,
өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету үшін құқықтық база құруға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Қазақстан тарапы Қырғыз тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.

2 2-бап

Осы Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қырғыз тарапынан - Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады.
Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

3 3-бап

Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының аумағына (Қой-Таш елді мекені) дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер актіні ресімдей отырып, әскери мүлікті қабылдау-беруді жүргізеді. Қой-Таш елді мекеніне дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан тарапы төлейді.
Қазақстан Республикасында берілетін мүлікті кедендік тазарту және декларациялау Кеден одағының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қырғыз тарапы өз мемлекетінің аумағында кедендік рәсімдерді ресімдеу шығыстарын өзі көтереді және оған жауапты болады.

4 4-бап

Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын кесіп өткенге дейін 30 тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан тарапының уәкілетті органы Қырғыз тарапының уәкілетті органына әскери мүлікті жеткізуді жүзеге асыратын жеке құрамның атаулы тізімін береді.
Атаулы тізім мынадай мәліметтерден тұрады: тегі мен аты-жөні, туған күні, әскери атағы, лауазымы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, сериясы мен нөмірі. Атаулы тізімді Қазақстан тарапының уәкілетті органы бекітеді.
Қазақстан тарапының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери киімінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсете отырып, атаулы тізімге сәйкес Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын кесіп өтеді.

5 5-бап

Қырғыз тарапы осы Келісім шеңберінде Қазақстан тарапынан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

6 6-бап

Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамамен ресімделеді.
Осы Келісімді іске асыру кезінде туындайтын кез келген келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар келіссөздер және консультациялар арқылы шешетін болады.

7 7-бап

Осы Келісім Қырғыз тарапының дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан тарапының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Қырғыз тарапына осы Келісімге сәйкес берілетін әскери мүлік толық берілген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады, бұны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы растайды.
Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде Қырғыз тарапының осы Келісімнің 5-бабында көзделген міндеттемелері күшінде қалады.
2015 жылғы 24 маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

8 Берілетін әскери мүліктің тізбесі

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қырғыз Республикасының Үкіметі
арасындағы өтеусіз әскери-техникалық
көмек көрсету туралы келісімге
қосымша
Берілетін әскери мүліктің
тізбесі
Мү­лік­тің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
1
2
3
4
Зы­мы­ран-ар­тил­ле­ри­я­лық қа­ру-жа­рақ қыз­ме­ті бой­ын­ша
1.
5,45 мм ПС па­тро­ны
да­на
3 000 000
2.
7,62 мм ЛПС вин­тов­ка па­тро­ны
да­на
2 000 000
РХБ қор­ғау қыз­ме­ті бой­ын­ша
3.
РДГ-2 Б тү­т­ін­дет­кіш қол гра­на­та­сы
да­на
1 000
4.
РДГ-2 Ч тү­т­ін­дет­кіш қол гра­на­та­сы
да­на
1 000
5.
ДМ-11 тү­т­ін­дет­кіш құ­ты
да­на
2 000
6.
СХТ-40 хи­ми­я­лық даб­ыл сиг­на­лы
да­на
80
С-75МЗ ЗЗК-ге қо­сал­қы бөл­шек­тер мен жиын­тық­та­у­шы бұй­ым­дар
7.
Тар ая­лы сәу­ле ска­не­рі (бұ­рыш және ази­мут бой­ын­ша)
жиын­тық
1
8.
ЖДА те­ті­гі
жиын­тық
1
9.
П-327 ба­қы­лау ос­цил­ло­гра­фы
жиын­тық
1
10.
Элек­тр­лі маг­нит­ті кү­шейт­кіш
жиын­тық
1
11.
МИ-42 электр қоз­ғалт­қы­шы
жиын­тық
6
12.
ИМБ-4 борт ими­та­то­ры
жиын­тық
6
13.
Же­бе сы­на­сы те­ті­гі
жиын­тық
6
14.
АТП-2М түр­лен­дір­гі­ші
жиын­тық
6
15.
А-2Т түр­лен­дір­гі­ші
жиын­тық
6
16.
Ав­то­ма­ти­ка бло­гы
жиын­тық
4
17.
К-370АВ бло­гы
жиын­тық
1
18.
К-370БВ бло­гы
жиын­тық
1
19.
К-71 бло­гы
жиын­тық
1
20.
К-72 бло­гы
жиын­тық
1
21.
К-73 бло­гы
жиын­тық
1
22.
К-74 бло­гы
жиын­тық
1
23.
К-75 бло­гы
жиын­тық
1
24.
К-76 бло­гы
жиын­тық
1
25.
К-81 бло­гы
жиын­тық
1
26.
К-82 бло­гы
жиын­тық
1
27.
К-83 бло­гы
жиын­тық
1
28.
К-84 бло­гы
жиын­тық
1
29.
К-85 бло­гы
жиын­тық
1
30.
К-56 бло­гы
жиын­тық
1
31.
И-66В бло­гы
жиын­тық
1
32.
И-64 бло­гы
жиын­тық
1
33.
И-32 бло­гы
жиын­тық
1
34.
И-91 бло­гы
жиын­тық
1
35.
И-130 бло­гы
жиын­тық
1
36.
И-55 бло­гы
жиын­тық
1
37.
И-31 бло­гы
жиын­тық
1
38.
И-61 бло­гы
жиын­тық
1
39.
И-355 бло­гы
жиын­тық
1
40.
И-65 бло­гы
жиын­тық
1
41.
И-63 бло­гы
жиын­тық
1

Қолданыстағы