Об утверждении перечня сведений, составляющих налоговую тайну, и Правил их представления органами государственных доходов уполномоченным органам внешнего государственного аудита и финансового контроля
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня сведений, составляющих налоговую тайну, и Правил их представления органами государственных доходов уполномоченным органам внешнего государственного аудита и финансового контроля
- Атауы (қаз.)
- Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 672
- Қабылданған күні
- 21.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2019 99689_390280.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500013128
- ЭКБ идентификаторы
- 99689
- Редакция идентификаторы
- 99689_390280
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:57
0 Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 557-бабы 3-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі БҰЙЫРАДЫ және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) Осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін;
2 2) Осы бірлескен бұйрыққа және нормативтiк қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2
2) осы бірлескен бұйрық және нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3 3) осы бірлескен бұйрықтың және нормативтік қаулының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрық және нормативтiк қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 672 бірлескен бұйрығына
және Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 2-НҚ нормативтiк қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарына ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі
Р/с №
Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы
1.
Салық төлеушілердің дербес шоттарының деректері
2.
Салық төлеушілердің салық нысанының деректері
3.
Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамаларының нормаларын салық төлеушiлердің орындауына салықтық бақылау нәтижелерi туралы мәлiметтер
4.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер қорынан мәлiметтер
5.
Камералдық бақылау нәтижелерi туралы мәлiметтер
6.
Салық төлеушiлер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтарулар туралы мәлiметтер
7.
Салық төлеушiлер бойынша салық мiндеттемесiнiң мерзiмiнде орындалмағандарды орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi туралы мәлiметтер
8.
Салық төлеушiге қолданылған салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру іс-шаралары туралы мәлiметтер
9.
Ірі салық төлеушілердің мониторингі бойынша есептілік деректері
10.
Салық төлеушiлердi салықты тексерулерінiң нәтижелерi туралы деректер
11.
Салықтық бақылаудың өзге де нысаны бойынша мәліметтер
12.
Мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі толтырған және шығарған хаттамалары мен қаулыларының материалдары
13.
Лауазымды тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктеріне) салықты тексеруі нәтижелерiн шағымдану туралы деректер
14.
Салық төлеушілер және салық салынатын объектілер, сондай-ақ салық төлеушілермен жүзеге асырылған операциялар бойынша мәліметтер ұсынатын уәкілетті органдардың ақпараттары
15.
Салықтарды және айыппұл санкцияларын есептен шығару (есептен шығару туралы заң және мемлекеттік органның актісі қабылданғаннан кейінгі өсімпұлдар мен айыппұлдар) туралы мәліметтер
16.
Салық төлеушілердің талап-арыздары бойынша сот шешімдері мен материалдары туралы мәліметтер
17.
Салық төлеушiлердiң салық есептілігі негiздегi талдамалық есептер
2 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
20 15 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 672 бірлескен бұйрығына
және Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 2-НҚ нормативтiк қаулысына
2-қосымша
Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына ұсыну қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына ұсыну қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне (бұдан әрі – Есеп комитеті) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1 1) мәліметтер – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 557-бабында айқындалған салық құпиясын құрайтын мәліметтер.
2 2) мәліметтерді алушы – Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары;
3
3) мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетіне арналған, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi;
2 2. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
3
3. Мемлекеттік кірістер органдары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілген мемлекеттік аудит объектілері және мемлекеттік аудит объектілеріне байланысты өзге де мәселелер бойынша сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу үшін қажетті мәліметтерді, мынадай тәртіпте ұсынады: