Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присоединения сетей операторов междугородной и международной связи к точке обмена интернет-трафиком

Бұйрық · № 65 · қабылданған 26.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99690/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил присоединения сетей операторов междугородной и международной связи к точке обмена интернет-трафиком Күшін жойған Бұйрық ·№ 65 ·26.01.2016
27.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил присоединения сетей операторов междугородной и международной связи к точке обмена интернет-трафиком

Күшін жойған Бұйрық ·№ 65 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присоединения сетей операторов междугородной и международной связи к точке обмена интернет-трафиком
Атауы (қаз.)
Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
65
Қабылданған күні
26.01.2016
Көрсетілген редакция
27.03.2018 99690_315454.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013152
ЭКБ идентификаторы
99690
Редакция идентификаторы
99690_315454
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:53

0 Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бекіту туралы

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 65
бұйрығымен бекітілген
Қалааралық және халықаралық байланыс
операторларының желілерін интернет-трафик алмасу
нүктесіне жалғау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) байланыс операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;

2 2) интернет-трафик – белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;

3 3) интернет-трафик алмасу нүктесі – Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен;

4

4) қалааралық және халықаралық байланыс операторы – қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

5 5) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

6 6) трафикті өткізу – байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру.

2 2. Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне жалғау тәртібі

3 3. Интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау үшін қалааралық және халықаралық байланыс операторлары мемлекеттік техникалық қызметке осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың техникалық шарттарын беруге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) жібереді.

4 4. Мемлекеттік техникалық қызмет өтінішті алуынан кейін бес жұмыс күні ішінде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторына техникалық шарттар береді.

Өтініште дұрыс емес ақпарат көрсетілген жағдайда, мемлекеттік техникалық қызмет үш жұмыс күні ішінде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторына қараудан бас тарту себептері негізделген интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың техникалық шарттарын беруден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.

5 5. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы техникалық шарттарды алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік техникалық қызметке интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғауға әзірлігі туралы жазбаша түрде хабарлайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерде интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғауға әзірлігі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес өтінішті қайтадан береді.

6

6. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторынан интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғауға әзірлігі туралы ақпаратты алғаннан кейін мемлекеттік техникалық қызмет жеті жұмыс күні ішінде берілген интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың техникалық шарттарына сәйкес интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау туралы шартты жасасады.

7 7. Интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау туралы шартқа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік техникалық қызмет қалааралық және(немесе) халықаралық байланыс операторын интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғауды жүзеге асырады.

25 Қалааралық және халықаралық

байланыс операторларының
желілерін интернет-трафик
алмасу нүктесіне жалғау қағидаларына
қосымша
Нысан
Интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың
техникалық шарттарын беруге
өтініші
_____________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________________________________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________________________________
лауазым атауы
атынан
____________________________________________________________________________________________
қалааралық және халықаралық байланыс операторы
лицензия №___________________ берілген күні_________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________________________________
байланыс қызметтерінің атауы
____________________________________________________________________________________________
байланыс қызметтерін көрсету аумағы
Интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғаудың техникалық шарттарын беруді сұрайды.
___________ 20__жылғы «____» ______________
қолы
МО (бар болса)

Қолданыстағы