О признании утратившими силу некоторых решений Мартукского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Мартукского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 23.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2016 99715_57162.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16CH00224M
- ЭКБ идентификаторы
- 99715
- Редакция идентификаторы
- 99715_57162
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:21
0 Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
3 2016 жылғы 23 ақпандағы № 224
Мәртөк аудандық
мәслихаттың шешіміне
қосымша
Мәртөк аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1) «Үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 5 ақпандағы № 151 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-105 тіркелген, 2010 жылғы 17 ақпанда «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған);
2
2) «Мәртөк ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 шілдедегі № 195 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4475 тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған);
3
3) «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 қазандағы № 203 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4606 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған).