О признании утратившими силу некоторых решений Мартукского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Мартукского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 23.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2016 99715_57162.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16CH00224M
- ЭКБ идентификаторы
- 99715
- Редакция идентификаторы
- 99715_57162
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:21
0 Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
3 2016 жылғы 23 ақпандағы № 224
Мәртөк аудандық
мәслихаттың шешіміне
қосымша
Мәртөк аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) «Үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 5 ақпандағы № 151 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-105 тіркелген, 2010 жылғы 17 ақпанда «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған);
2) «Мәртөк ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 шілдедегі № 195 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4475 тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған);
3) «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 қазандағы № 203 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4606 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған).