Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ценообразования на услуги, оказываемые Государственной корпорацией "Правительство для граждан"

Бұйрық · № 54 · қабылданған 22.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99728/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил ценообразования на услуги, оказываемые Государственной корпорацией "Правительство для граждан" Қолданыста Бұйрық ·№ 54 ·22.01.2016
17.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ценообразования на услуги, оказываемые Государственной корпорацией "Правительство для граждан"

Қолданыста Бұйрық ·№ 54 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ценообразования на услуги, оказываемые Государственной корпорацией "Правительство для граждан"
Атауы (қаз.)
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
54
Қабылданған күні
22.01.2016
Көрсетілген редакция
17.06.2025 99728_770280.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013352
ЭКБ идентификаторы
99728
Редакция идентификаторы
99728_770280
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:56

0 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 9-1-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ережесінің 15-тармағының 193) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т. Б. Қазанғап):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Е. Досаев
2016 жылғы 29 қаңтар

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 54 бұйрығымен
бекітілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 9-1-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ережесінің 15-тармағы 193) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2 2) баға белгілеу – Мемлекеттік кәсіпорын көрсететін қызметтерді бағаларды қалыптастыру және қарау процесі;

3 3) инфляция коэффициенті – тиісті қаржылық жылға Мемлекетік корпорация көрсететін қызметтерге бағалардың жалпы деңгейінің артуы (ағымдағы және бұрынғы баға айырмашылығы);

4 4) негізделген баға – Мемлекеттік корпорацияның негізделген нақты шығын мен табысы негізінде белгіленген баға;

5 5) қызметтер – ақылы негізде, мемлекеттік монополия қызметіне жатпайтын Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтер;

6 6) өзіндік құн – Мемлекеттік корпорация қызметтерді көрсету бағаларына уәкілетті орган ескере отырып шығындар жиынтығы;

7 7) уәкілетті орган – орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган;

2 2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібі

3 3. Көрсетілетін қызметтердің көлемдері шеңберінде өндірілетін бағаларды Мемлекеттік корпорация дербес белгілейді.

4 4. Баға белгілеу бизнес-процестің негізделген бағаға (нақты), сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның үстеме шығыстар қағидасына сүйене отырып, Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге бағаларды қарау және шығындар калькуляциясын қалыптастыру процесін қамтиды.

5 5. Қажет болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтерге баға қалыптастыру Мемлекеттік корпорацияның жарғылық қызметіндегі көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша шығындарды бөлек есепке алу негiзiнде жүзеге асырылады.

6 6. Көрсетiлетiн қызметтерге негiзделген баға қалыптастыру кезiнде өзіндік құнда қызметті көрсетумен тікелей байланысты тікелей шығындар, оның ішінде:

1 1) растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) көзделген бағаларға және шығыстардың қолданылатын нормаларына сүйене отырып материалдық ресурстардың нақты көлеміне негізделе отырып айқындалатын тауар-материалдық қорлар;

2 2) еңбекақы төлеу қоры және еңбекақы төлеу қорында есептелген міндетті төлемдер;

3 3) Мемлекеттік корпорацияның теңгерімінде тұрған негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

4

4) Мемлекеттік корпорацияның теңгерімінде тұрған автокөлікті, ғимараттарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету, ұйымдастыру техникасын тасымалдау, жұмыс қабілеттілігін техникалық сүйемелдеу жөніндегі сыртқы ұйымдардың қызметтері, инкассациялық-банктік, аудиторлық, консалтингтiк, маркетингтiк және (немесе) қызметтер қажет болған жағдайда;

5 5) кезең шығыстарында ескерiлетiн мiндеттi сақтандыру түрлерiне, салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер есепке алынады.

7 7. Қызметтерге бағаларды қалыптастыру кезiнде қызметтердi өндiруге тiкелей жатпайтын, сондай-ақ негiздеушi материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық және бухгалтерлік құжаттар) расталмаған шығыстар ескерілмейді.

8 8. Баға белгілеу жыл инфляциясының коэфициентін есепке ала отырып, өткен қаржы жылында көрсетілген қызметтер жөніндегі деректер қолданылады.

Қызметтердің бағасы инфляция коэффициентін есепке ала отырып жыл сайын түзетіледі.

9

9. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіріп, өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13588 тіркелген) бекітілген мемлекеттік монополия, ерекше құқық субъектісі өндіріп, өткізетін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы