Об отмене и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об отмене и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою және күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 23.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2016 99730_55440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16Z000042A
- ЭКБ идентификаторы
- 99730
- Редакция идентификаторы
- 99730_55440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:21
0 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің кейбір қаулыларын
жою және күші жойылды
деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын және күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.
3 2016 жылғы «23» ақпандағы №42
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылған және күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі
1
1. 2014 жылғы 14 қаңтардағы №10 «Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3424 тіркелген, 2014 жылы 6 наурызда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
2
2. 2015 жылғы 5 қазандағы №290 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы №126 «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4089 тіркелген, 2015 жылы 30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
3
3. 2016 жылғы 26 қаңтардағы №15 «Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 328 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жойылсын.