Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором
- Атауы (қаз.)
- Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29/01
- Қабылданған күні
- 29.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2019 99770_432433.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PE004955
- ЭКБ идентификаторы
- 99770
- Редакция идентификаторы
- 99770_432433
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:44
0 Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы, 1 тармағының, 3) тармақшасына сәйкес бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.
2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
3
3. Тапсырыс берушілер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуын қамтамасыз етсін.
4 4. «Баянауыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімдігінің интернет–ресурсында жариялауын қамтамасыз етсін.
5 5. «Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шараларды қабылдасын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Баянауыл ауданы әкімдігінің
2016 жыл «29» қаңтардағы
№ 29/01 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Р/с №
Атауы
1
Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар
2
Тапсырыс берушілер бастамасы бойынша тиісті қаржы жылына белгіленген сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен асатын, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса конкурс (аукцион) тәсілімен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алулар