О переименовании государственного учреждения «Мугалжарский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии» и утверждении положения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании государственного учреждения «Мугалжарский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии» и утверждении положения
- Атауы (қаз.)
- «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 21.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2016 99773_Some(100059).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CI004760
- ЭКБ идентификаторы
- 99773
- Редакция идентификаторы
- 99773_Some(100059)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:01
0 «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауы «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
2 2. Қоса беріліп отырған «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Сағыровқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 19 қаулысымен
бекітілген
«Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3
3. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
4 4. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5 5. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6
6. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7 7. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030700, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, «Жастық» мөлтек ауданы 2 үй.
9 9. Мемлекеттік органның толық атауы- «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10 10. Құрылтайшысы және мемлекеттік басқарушы органы болып «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
11 11. Осы Ереже «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12 12. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13 13. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттің бюджетінің кірісіне жіберіледі.
2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары мен міндеттері
14 14. «Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру негізінде ауданның агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестікке қабілетінің жаңа сапалы деңгейге жетуін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету.