Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а так же размеров льгот

Қаулы · № 3/1 · қабылданған 05.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99788/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а так же размеров льгот Күшін жойған Қаулы ·№ 3/1 ·05.02.2016
22.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а так же размеров льгот

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/1 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а так же размеров льгот
Атауы (қаз.)
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/1
Қабылданған күні
05.02.2016
Көрсетілген редакция
22.06.2023 99788_639618.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KH003681
ЭКБ идентификаторы
99788
Редакция идентификаторы
99788_639618
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:37

0 Мүгедектерді қоспағанда,

дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті
шарттармен пайдаланатын
азаматтар санаттарының тізбесін,
сондай-ақ жеңілдіктер
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.

3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Шахтинск қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «05» ақпандағы
№ 3/1 қаулысымен бекітілген
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланылатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасыларының оқушы- балалары
Тегін
3
Балалар үйлерінен оқушы-балалар
Тегін
4
Спорт ардагерлері
Тегін
5
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
6
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
7
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
*Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Қолданыстағы