Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня организаций, в которых будут проводиться общественные работы, видов, объемов и конкретных условий общественных работ, размеров оплаты труда участников и источников их финансирования по Шалкарскому району

Қаулы · № 24 · қабылданған 11.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99822/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении перечня организаций, в которых будут проводиться общественные работы, видов, объемов и конкретных условий общественных работ, размеров оплаты труда участников и источников их финансирования по Шалкарскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 24 ·11.02.2016
17.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня организаций, в которых будут проводиться общественные работы, видов, объемов и конкретных условий общественных работ, размеров оплаты труда участников и источников их финансирования по Шалкарскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 24 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня организаций, в которых будут проводиться общественные работы, видов, объемов и конкретных условий общественных работ, размеров оплаты труда участников и источников их финансирования по Шалкарскому району
Атауы (қаз.)
Шалқар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24
Қабылданған күні
11.02.2016
Көрсетілген редакция
17.05.2016 99822_85564.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16CM004754
ЭКБ идентификаторы
99822
Редакция идентификаторы
99822_85564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:33

0 Шалқар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шалқар ауданы бойынша жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. «Шалқар ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі 451-002-100 «Қоғамдық жұмыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландыруды іске асыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақоваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Шалқар аудан әкімдігінің

2016 жылғы 11 ақпандағы
№ 24 қаулысына қосымша
Шалқар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері

Мекемелер атауы
Жұмыс және қызмет түрлері
Орындалатын жұмыс және қызмет көлемінің табиғи көрсеткіштері
Берілген сұраныс (сұрау)
Бекітілді (ұсыныс)
Қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері
Қаржыландыру көздері
Жұмыс орнының саны
Жұмыс орнының саны
1
«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Шалқар қаласындағы көшелерді жинастыру, қоқыс шығару, ағаштарды кесу
80 шақырым
100
90
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген төменгі еңбекақы
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады
2
«Инфраком-қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шалқар қаласындағы көшелерді жинастыру, қоқыс шығару, ағаштарды кесу
95
шақырым
80
80
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген төменгі еңбекақы
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады
3
«Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу, карточкамен жұмыс
5000 дана
13
10
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген төменгі еңбекақы
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады
Барлығы:
193
180
Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары. Жұмыс аптасының ұзақтығы, екі демалыс күндерімен бес күн құрайды, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс – бір сағат. Еңбегіне төленетін ақы жұмыс уақытын есепке алу табелінде көрсетілген нақты еңбек еткен уақытына, жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы