Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи заключений о соответствии аппаратно-программного комплекса техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин

Бұйрық · № 117 · қабылданған 28.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99827/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи заключений о соответствии аппаратно-программного комплекса техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин Қолданыста Бұйрық ·№ 117 ·28.01.2016
28.01.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи заключений о соответствии аппаратно-программного комплекса техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин

Қолданыста Бұйрық ·№ 117 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи заключений о соответствии аппаратно-программного комплекса техническим требованиям для включения в государственный реестр контрольно-кассовых машин
Атауы (қаз.)
Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
117
Қабылданған күні
28.01.2016
Көрсетілген редакция
28.01.2016 99827_58106.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013253
ЭКБ идентификаторы
99827
Редакция идентификаторы
99827_58106
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:44

0 Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру қағидаларын бекiту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жриялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 28 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2016 жылғы 29 қаңтар

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 117 бұйрығымен бекітілген
Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадығ Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және болып табылатын мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

1 1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;

3 3) өтінім беруші – бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны өтінімді берген жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтінім беруші);

4 4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігі және мазмұнының өзгермегенiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi;

2 2. Мемлекеттiк тiзiлiмге қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындылар беру тәртібі

3

3. Мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны алу үшін өтінім беруші уәкілетті органға немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берушінің электронық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған толтырылған сауалнама-өтінімді ұсынады.

4 4. Уәкілетті орган сауалнама-өтінімді толтыру дұрыстығына тексереді, Қағидалардың 3-тармағының сәйкессіздік анықталған жағдайда осы, сәттен бастап екі күнтізбелік күн ішінде сауалнама-өтінімді қайтарады.

5

5. Ұсынылған сауалнама-өтінім осы Қағидалары 3-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, уәкілетті орган сауалнама-өтінім түскен сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өтінім берушінің «Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454 болып тіркелген) (бұдан әрі – техникалық талаптар) 1-қосымшаның 43-50 тармақтарымен көзделген, техникалық талаптарды сақтауы тексеру жүргізеді.

6 6. Өтінім беруші уәкілетті органның қызметкерлеріне тексеріс жүргізу үшін АБК-ға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

7

7. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті орган тексеру жүргізген уақыттан бастап күнтізбелік екі күн ішінде өтінім берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк тiзiлiмге қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) немесе техникалық талаптар орындалмаған жағдайда дәлелді бас тартуды береді.

8 8. Осы Қағидаларың 3-тармағында көрсетілген Сауалнама-өтінім түскен сәттен бастап, күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган қорытынды беруді жүзеге асырлады.

1 Сауалнама-өтінім

Бақылау-кассалық машиналардың
мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн
аппараттық-бағдарламалық кешеннің
техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы
қорытындылар беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Сауалнама-өтінім

1 1. Өтінім берушінің атауы ___________________________________________________________________________

2 2. (Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмері)

_________________________________________________________________________________________________

3 3. Өтінім берушінің орналасқан жері

4 4. Облыс _______________________________________ қала _____________________________________________

5 5. Аудан __________________ Көше ______________________ Үй _________________________________________

6 6. АБК атауы ______________________________________________________________________________________

7 7. АБК әзірлеушісі _________________________________________________________________________________

8 8. Нұсқа _________________________________ АБК әзірленген күн _______________________________________

9 9. АБК әзірлеушінің орналасқан жері:

10 10. Облыс _________________________________________ қала __________________________________________

11 11. Аудан ______________________ Көше________________________ Үй ______________________

_____________________________________________________________ ____________
(өтінім берушінің немесе оның басшының Т.А.ӘА.) қолы
М.О. (болған кезде)

2 Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды

Бақылау-кассалық машиналардың
мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн
аппараттық-бағдарламалық кешеннің
техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы
қорытындылар беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне қосу үшiн аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды
Астана қ. 20 __ жылғы «____» ____________

1 1. Өтінім беруші ______________________________________________________________________________________

2 2. Өтінім берушінің орналасқан жері: ____________________________________________________________________

Облыс ________________________________________ Қала _________________________________________________
Аудан _______________________ Көше ________________Үй _______________________________________________
Телефон ______________________________Факс _________________________________________________________

3 3. _____________________________________________________________________________________

(АБК атауы)
_______________________________________________________________________________________,
версия __________________________________, жасалған күні ______________________________,
Әзірлеуші ______________________________________________________________________________
Әзірлеушінің орналасқан жері:
Ел ______________________ Облыс ___________________ Қала _______________________________
Аудан _______________________ Көше _______________________ Үй __________________________
Телефон _______________________________________ Факс ___________________________________
________________________________________________________________________________________
«Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454 болып тіркелген) 1-қосымшаның 43-50-тармақтарымен көзделген техникалық талаптарға сәйкес келеді/сәйкес келмейді
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру
және ақпарат комитетінің төрағасы ______________

Қолданыстағы