Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования перечней и контроля за ввозом (вывозом) продукции военного назначения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией

Бұйрық · № 27 · қабылданған 22.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99853/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования перечней и контроля за ввозом (вывозом) продукции военного назначения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией Қолданыста Бұйрық ·№ 27 ·22.01.2016
11.09.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования перечней и контроля за ввозом (вывозом) продукции военного назначения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией

Қолданыста Бұйрық ·№ 27 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования перечней и контроля за ввозом (вывозом) продукции военного назначения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27
Қабылданған күні
22.01.2016
Көрсетілген редакция
11.09.2017 99853_254349.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013389
ЭКБ идентификаторы
99853
Редакция идентификаторы
99853_254349
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:56

0 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 1002 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарттың 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы:

1 1)  осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.

4 4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
министрі
Ә. Исекешев
2015 жылғы 5 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
генерал-майор
А. Күреңбеков
2015 жылғы 28 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Н. Әбіқаев
2015 жылғы «____»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 25 қаңтар

0 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 22 қаңтар
№ 27 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағидалар 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау тәртібін айқындайды.

2

2. Осы Қағидалар әскери мақсаттағы өнімді (бұдан әрі – Өнім) Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы уәкілетті ұйымдарының (бұдан әрі – ҚР уәкілетті ұйымдары) әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қызметіне қолданылады.

3

3. Шартқа сәйкес әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыратын (әскери мақсаттағы өнімді әкелуді және әкетуді қоса алғанда) ҚР уәкілетті ұйымдары мемлекеттік органдар, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызмет түріне қатысты лицензиялау енгізілген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің тиісті түріне құқығы бар ұйымдар болып табылады.
Қазақстан Республикасында әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және Қазақстан Республикасына (нан) оны әкелуді (әкетуді) бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР уәкілетті органы) болып табылады.
Ресей Федерациясында әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және Қазақстан Республикасынан (на) оны әкелуді (әкетуді) бақылау жөніндегі уәкілетті орган Ресейдің Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметі (бұдан әрі – РФ уәкілетті органы) болып табылады.

2 2. Өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау тәртібі

4

4. Ресей Федерациясының Өнімін сатып алуға мүдделілік танытқан ҚР уәкілетті ұйымдары ағымдағы және келісімшарт (шарт) жасасылған жылдың алдындағы жылдың әр тоқсанының соңғы айының 25-і күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт шеңберінде көрсетілген жылы ҚР уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде (Microsoft Office Excel) Қазақстан Республикасына Өнімді әкелуге өтінімдерді (бұдан әрі – Өтінім), сондай-ақ көрсетілген Өнімді сатып алу қажеттілігі негіздемесін жолдайды.

5 5. ҚР уәкілетті ұйымдарының өтінімдері негізінде ҚР уәкілетті органы Шарт шеңберінде Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған өнім тізбесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша № (нөмір) берумен және іске асыру жылын көрсетумен қалыптастырады.

6 6. Қалыптастырылған Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған өнім тізбесіне ҚР уәкілетті органының уәкілетті лауазымды адамы қол қояды және мөрмен бекітіледі.

7 7. ҚР уәкілетті органы қалыптастырылған Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған өнім тізбесін РФ уәкілетті органына бекіту үшін жолдайды.

8

8. РФ уәкілетті органынан бекітілген Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған өнім тізбесін алғаннан кейін ҚР уәкілетті органы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша № (нөмір) берумен және іске асыру жылын көрсетумен тізбеден үзінді-көшірмені ресімдейді және ҚР уәкілетті ұйымдарына оларға қатысты бөлігінде жолдайды.

9 9. ҚР уәкілетті органы РФ уәкілетті органынан Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымдары сатып алуға мүдделілік танытқан Өнімнің тізбесін ала отырып, ҚР уәкілетті ұйымдарына олардың осы өнімді ұлттық мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін залалсыз жеткізу мүмкіндігі туралы сұрау салады.

10

10. ҚР уәкілетті ұйымдарының жауаптарын ескере отырып, ҚР уәкілетті органы РФ уәкілетті органынан алынған Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған өнім тізбесіне түзетулер енгізеді. Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған нақтыланған өнім тізбесіне ҚР уәкілетті органының уәкілетті лауазымды адамы қол қояды, мөрмен бекітіледі және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

11

11. ҚР уәкілетті органы Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған өнім тізбесін ресімдеуді аяқтағаннан кейін бұл туралы РФ уәкілетті органын жазбаша түрде хабардар етеді және ҚР уәкілетті ұйымдарына оларға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған өнім тізбесінен үзінді-көшірмелерді жолдайды.

12

12. ҚР уәкілетті органы Қазақстан Республикасына әкелу (Қазақстан Республикасынан әкету) үшін арналған өнім тізбелерінің көшірмелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмыста пайдалану үшін, ал Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне – олардың сұрау салулары бойынша жолдайды.

13

13. Егер РФ уәкілетті ұйымдары сатып алуға мүдделілік танытқан өнім Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қамтыса, әкету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтала отырып, 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімнің нормалары қолданылады.

14

14. Қазақстан Республикасына әкелу (Қазақстан Республикасынан әкету) үшін арналған өнім тізбесінен үзінді-көшірмелер тіркеледі, ҚР уәкілетті органының уәкілетті лауазымды адамы қол қояды және мөрмен бекітіледі. Өнім тізбесінен үзінді-көшірмелердің қолданылу мерзімі ҚР уәкілетті ұйымдарының келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімімен айқындалады.

15

15. Қазақстан Республикасына әкелу (Қазақстан Республикасынан әкету) үшін арналған өнім тізбесінен алынған үзінді-көшірмелер негізінде ҚР уәкілетті ұйымдары Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымдарымен келісімшарттар жасасады және Өнімді Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкетуді жүзеге асырады.

16 16. Экспорттық бақылауға жататын өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) «Экспорттық бақылау туралы»

2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

17 17. ҚР уәкілетті органы құзыреті шегінде Өнімді Қазақстан Республикасына (нан) әкелу (әкету) кезінде экспорттық бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен өзара іс-қимыл жасайды.

18 18. ҚР уәкілетті органы тараптар бекіткен тізбелерге сәйкес тоқсан сайынғы негізде ҚР уәкілетті ұйымдарының есеп берулерін алу жолымен әкелінген (әкетілген) өнімді бақылауды қамтамасыз етеді.

19

19. Өнімді әкелуді/әкетуді жүзеге асырған ҚР уәкілетті ұйымдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күні осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт шеңберінде көрсетілген жылда Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген) өнім туралы есеп беруді ҚР уәкілетті органына ұсынады.

20 20. ҚР уәкілетті ұйымдары осы Қағидаларға 1 және 5-қосымшаларда көрсетілген нысандарды бұза отырып жасалған құжаттарды ұсынған жағдайда ҚР уәкілетті органы кемшіліктерді жою үшін құжаттарды қайтарады.

1 Қазақстан Республикасы мен Ресей

Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы
өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны
әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
______________________________________________________
(Қазақстан Республикасы уәкілетті ұйымының толық атауы)
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде
20___ жылы Қазақстан Республикасына әскери мақсаттағы өнімді әкелуге
өтінім
Жеткізуші
Өнімнің атауы
Тауар номенклатурасының
коды
Өлшем бірлігі
Саны
Сатып алу мақсаты
Қазақстан Республикасы
уәкілетті ұйымының
басшысы (басшының орынбасары)
______________
(қолы)
_________________
(аты-жөні, тегі)
М.
20 20___жылғы «___»__________

2 Қазақстан Республикасы мен Ресей

Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы
өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны
әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің орынбасары
________________
20 ___ жылғы «___»_________
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Қазақстан Республикасына әкелу үшін арналған әскери мақсаттағы өнімнің
______ жылға арналған
№ ______ тізбесі
Жеткізуші
Өнімнің атауы
Тауар номенклатурасының
коды
Өлшем бірлігі
Саны
Сатып алу мақсаты
Әскери мақсаттағы өнімді
экспорттық бақылауға жауапты
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі құрылымдық
бөлімшесінің басшысы
_________ _________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)

3 Қазақстан Республикасы мен Ресей

Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы
өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны
әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Қазақстан Республикасына әкелу (Қазақстан Республикасынан әкету) үшін арналған әскери мақсаттағы өнімнің ______ жылға арналған
№ ____ тізбесінен үзінді-көшірме
Тіркеу нөмірі ___________
20___жылғы «____»___________берілді
Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы (алушы, жеткізуші)
______________________________________________________________________
(толық атауы)
Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымы (алушы, жеткізуші)
______________________________________________________________________
(толық атауы)
Р/с №
Өнімнің атауы
Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының
коды
Өлшем бірлігі
Саны
Әскери мақсаттағы өнімді экспорттық бақылауға жауапты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшесінің басшысы
________________
(қолы)
________________
(аты-жөні, тегі)
М.О.

4 Қазақстан Республикасы мен Ресей

Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы
өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны
әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Бекітемін
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің орынбасары
_______________
20 ___ жылғы «___»_________
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде
Қазақстан Республикасынан әкету үшін арналған әскери мақсаттағы өнімнің
____ жылға арналған № ____ тізбесі
Жеткізуші
Өнімнің атауы
Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының
коды
Өлшем бірлігі
Саны
Сатып алу мақсаты
Әскери мақсаттағы өнімді
экспорттық бақылауға жауапты
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі құрылымдық
бөлімшесінің басшысы
________________
(қолы)
________________
(аты-жөні, тегі)
М.О.

5 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 20___ жылы Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген) әскери мақсаттағы өнім туралы есеп беру

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери мақсаттағы өнімнің тізбелерін қалыптастыру және оны әкелуді (әкетуді) бақылау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 20___ жылы Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген) әскери мақсаттағы өнім туралы есеп беру
Индекс: 398 ПВН
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есеп беруді ұсынатын адамдар шеңбері: Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымдары
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне
Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы (алушы, жеткізуші)
_______________________________________________________________________
(толық атауы)
Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымы (жеткізуші, алушы)
_______________________________________________________________________
(толық атауы)
Келісімшарттың нөмірі мен күні
Үзінді-көшірменің тіркеу нөмірі және күні
Өнімнің атауы
Өлшем бірлігі
Бірлік саны
Бір бірлік үшін құны
Келісімшарттың орындалуы
Орындаушы _____________________________ _____________
(Т.А.Ә, бар болған жағдайда) (қолы)
ЖСН/БИН _______________________________________________________________
Ұйымның мекенжайы _____________________________________________________
Ұйымның телефоны ______________________________________________________
Қазақстан Республикасы
уәкілетті ұйымының басшысы
(басшының орынбасары)
______________
(қолы)
___________________
(Т.А.Ә, бар болған жағдайда)
М.О. 20___жылғы
«___»___________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме
«2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 20___ жылы Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген) әскери мақсаттағы өнім туралы есеп беру»

1 1-тарау. Жалпы ереже

1

1. «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 20___ жылы Қазақстан Республикасына әкелінген (Қазақстан Республикасынан әкетілген) әскери мақсаттағы өнім туралы есеп беру» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (бұдан әрі – нысан) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес әзірленді.

2 2. ҚР Уәкілетті ұйымдары нысанды тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күні ҚР Уәкілетті органына ұсынады.

3 3. Нысанға Қазақстан Республикасы уәкілетті ұйымының басшысы (басшының орынбасары) қол қояды.

4 4. Нысан үзінді көшірмеде (3-қосымша) көрсетілген деректердің және жасасылған келісімшарттың негізінде толтырылады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

5 5. 1-бағанда келісімшарт нөмірі және күні көрсетіледі.

6 6. 2-бағанда тізбеден (Қазақстан Республикасының Уәкілетті органы жолдаған 3-қосымша) үзінді көшірменің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.

7 7. 3-бағанда өнімнің атауы көрсетіледі.

8 8. 4-бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі.

9 9. 5-бағанда бірлік саны көрсетіледі.

10 10. 6-бағанда бірлік құны көрсетіледі.

11 11. 7-бағанда келісімшарттың орындалуы туралы ақпарат көрсетіледі.

Қолданыстағы