Об утверждении методики определения опорных сельских населенных пунктов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении методики определения опорных сельских населенных пунктов
- Атауы (қаз.)
- Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 53
- Қабылданған күні
- 02.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2021 99854_509568.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013375
- ЭКБ идентификаторы
- 99854
- Редакция идентификаторы
- 99854_509568
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:40
0 Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесі бекітілсін.
2
2. «Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 234/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8821 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 263 (28202) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті Тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін уақтылы келісу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет- порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 4 тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 53
бұйрығымен бекітілген
Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау
әдістемесі