Құжат мәтініне өту

О трудоустройстве и обеспечении жильем выпускников организаций образования из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Қаулы · № а-3/12 · қабылданған 07.08.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-9987/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О трудоустройстве и обеспечении жильем выпускников организаций образования из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей Күшін жойған Қаулы ·№ а-3/12 ·07.08.2001
10.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О трудоустройстве и обеспечении жильем выпускников организаций образования из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Күшін жойған Қаулы ·№ а-3/12 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О трудоустройстве и обеспечении жильем выпускников организаций образования из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей
Атауы (қаз.)
Білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-3/12
Қабылданған күні
07.08.2001
Көрсетілген редакция
10.11.2009 9987_176148.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V01B000760_
ЭКБ идентификаторы
9987
Редакция идентификаторы
9987_176148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:37

0 Білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.11.10 № А-12/485 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" 07.06.1999 ж. заңының жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы бөлігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.12.2000 ж. "Білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарынан жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру және баспанамен қамсыздандыру туралы" N 1882 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:

1 1. Аудан әкімдері және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:

білім беру ұйымдарын бітіруші жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін анықтау үшін, меншіктік формасынан тәуелсіз, қалалық және ауылдық жерлердегі ұйымдар мен кәсіпорындарды зерттеуді жүргізсін;
жоғарыда айтылған мәселелер бойынша жасалған талдау - жыл сайын оқу жылының аяқталуына дейінгі үш ай мерзімінде білім беру ұйымдарын бітіруші жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды жұмысқа жіберу үшін облыстық білім беру басқармасы мен облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына ұсынылып отырсын;
бірінші кезектегі көмек осы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмсалсын;
мектеп бітіруші жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамсыздандыруда демеушілер көмегі, қайырымдылық қорлары есебінен жүргізуге ықпал жасасын.

2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.06.2001 ж. N 836 қаулысының 5 тармағына сәйкес облыс әкімінің 12.08.1999 ж. "Жұмыс орындарын квоталау туралы" N 254 шешімі күшін жойды деп танылсын.

3 3. Білім департаменті Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, әр жылдың 4 тоқсанында облыс әкімшілігіне осы қаулының орындалу барысы жөнінде хабарлап отырсын.

📌 Ескерту. 3 тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы
N А-1/40
қаулысымен

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағанбетовке жүктелсін.

📌 Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы
N А-1/40
қаулысымен

5 5. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Қолданыстағы