О приватизации организации городской коммунальной собственности как имущественный комплекс
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О приватизации организации городской коммунальной собственности как имущественный комплекс
- Атауы (қаз.)
- Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4861
- Қабылданған күні
- 29.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.11.2020 99899_494763.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16LA005371
- ЭКБ идентификаторы
- 99899
- Редакция идентификаторы
- 99899_494763
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:43
0 Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына, «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым мүліктік кешен ретінде жекешелендірілсін.
2
2.«Қалалық мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі №2317 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4767 тіркелген, «Ақмешiт апталығы» газетiнде 2014 жылғы 08 қазандағы №61, «Кызылорда таймс» газетінде 2014 жылғы 08 қазандағы №42, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 09 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Аңсатбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының қаржы
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлы
__________________________
29 қаңтар 2016 жыл
5 Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№4861 қаулысына қосымша
Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілетін «Сырдария» балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
№
Занды тұлғаның атауы
Жекешелендіру мерзімі
Жекешелендіру түрі
1
«Сырдария балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қараша, 2017 жыл
Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру