Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Жезказган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Жезказган
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 430
- Қабылданған күні
- 17.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2021 99920_545752.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KF003689
- ЭКБ идентификаторы
- 99920
- Редакция идентификаторы
- 99920_545752
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:28
0 Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса берiлiп отырған Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Сәтбаев қалалық мәслихатының
2016 жылғы 17 ақпандағы
№ 430 шешімімен
бекiтiлген
Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Жезқазған кентінің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Жезқазған кентінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Жезқазған кентінің әкімі шақырады.
Сәтбаев қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Жезқазған кентінің көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Жезқазған кентінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Жезқазған кентінің көшесінен, көппәтерлі тұрғын үйінен қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Жезқазған кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Жезқазған кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жезқазған кентінің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын он тұрғыннан бір адам санымен бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жезқазған кентінің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.