Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О дополнительном перечне целевых групп

Қаулы · № 04/04 · қабылданған 11.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99924/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О дополнительном перечне целевых групп Күшін жойған 12.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О дополнительном перечне целевых групп

Күшін жойған Қаулы № 04/04 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном перечне целевых групп
Атауы (қаз.)
Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
04/04
Қабылданған күні
11.02.2016
Көрсетілген редакция
12.05.2016 99924_164476.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KD003680
ЭКБ идентификаторы
99924
Редакция идентификаторы
99924_164476
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:33
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Нысаналы топтардың

қосымша тізбесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:

1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;

2) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;

3) емделу курсынан және оңалтудан өткен нашақорлыққа тәуелді тұлғалар.

2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 20/05 «Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі №3247, 2015 жылғы 17 маусымдағы № 64 (12314) «Балқаш өңірі», № 64 (1385) «Северное Прибалхашье» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.