О перечне мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для встреч кандидатов с избирателями
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О перечне мест для размещения агитационных печатных материалов и помещений для встреч кандидатов с избирателями
- Атауы (қаз.)
- Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 03/01
- Қабылданған күні
- 04.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2021 99926_511004.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KF003663
- ЭКБ идентификаторы
- 99926
- Редакция идентификаторы
- 99926_511004
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:38
0 Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарының
және кандидаттардың сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлардың
тізімі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес берілсін.
3 3. Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-117 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 25 (1891) нөмірінде жарияланған);
2
2) 2013 жылғы 30 қазандағы № 26/18 «Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2424 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (2087) нөмірінде жарияланған);
3
3) 2015 жылғы 2 наурыздағы № 06/16 «Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3039 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 13 (2151) нөмірінде және 2015 жылғы 10 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «04» ақпан
№ 03/01 қаулысына
1 қосымша
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат
депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне
барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарды
орналастыру үшін орындар
1
Сәтбаев қаласы
Ұлытау көшесі № 86, 90 үйлердің ортасында (автобекет ауданы)
2
Комаров көшесі, № 17 үй жанында («Шаңырақ» мейрамхана ауданы)
3
Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үй жанында («Кооптранс» базарының ауданы)
4
Жезқазған кенті
Әбиев көшесі, № 21 А үй жанында («Горняк» мәдениет үйінің ауданы)
5
Весовая елді мекені
Киров көшесі, № 22 үй жанында (мәдениет клубының ауданы)
6
Сәтбаев селосы
№ 17 негізгі мектеп жанында
10 Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «04» ақпан
№ 03/01 қаулысына
2 қосымша
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар
мекен-жайлары
№
Елді мекеннің атауы
Сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлар және орналасқан мекен-жайы
Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр)
1
Сәтбаев қаласы
Абай атындағы № 4 лицей мектебінің акт залы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 114А үй,
телефон: 3-33-96
215,2
2
Сәтбаев қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның акт залы, Комаров көшесі, № 11А үй, телефон: 3-34-68
154,4
3
Жезказған кенті
№ 2 орта мектептің акт залы, Әуезов көшесі, № 37А үй, телефон: 7-75-13
61,5
4
Весовая елді мекені
№ 10 жалпы білім беретін орта мектептің акт залы, Киров көшесі, № 13 үй,
телефон: 6-01-20
78
5
Сәтбаев селосы
№ 17 мектептің акт залы,
телефон: 6-01-66
68,6