Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев отнесения электронных информационных ресурсов к открытым данным, размещаемым государственными органами на интернет-портале открытых данных, а также Правил и формат их представления

Бұйрық · № 86 · қабылданған 26.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-99979/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Критериев отнесения электронных информационных ресурсов к открытым данным, размещаемым государственными органами на интернет-портале открытых данных, а также Правил и формат их представления Күшін жойған Бұйрық ·№ 86 ·26.01.2016
28.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев отнесения электронных информационных ресурсов к открытым данным, размещаемым государственными органами на интернет-портале открытых данных, а также Правил и формат их представления

Күшін жойған Бұйрық ·№ 86 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев отнесения электронных информационных ресурсов к открытым данным, размещаемым государственными органами на интернет-портале открытых данных, а также Правил и формат их представления
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
86
Қабылданған күні
26.01.2016
Көрсетілген редакция
28.04.2021 99979_526520.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013231
ЭКБ идентификаторы
99979
Редакция идентификаторы
99979_526520
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:54

0 Мемлекеттік органдар ашық

деректердің интернет-порталына
орналастыратын электрондық ақпараттық
ресурстарды ашық деректерге жатқызу
өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру
қағидалары мен форматын бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2015 жылғы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Е. Имашев
2015 жылғы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2015 жылғы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
Д. Ақышев
2015 жылғы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы

11 Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 86 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын анықтайды.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;

2

2) жалпыға бірдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстар – меншiк иесi немесе иеленушісі қол жеткізу немесе пайдалану шарттарын көрсетпей беретiн немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ еркін қол жеткiзуге болатын және берілу нысаны мен таратылу тәсiлiне байланысты болмайтын мәлiметтер;

3 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болатын ақпараттық жүйе.

2 2-тарау. Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары

3 3. Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын ашық деректерге жатқызу өлшемшарттары:

1 1) жалпыға бірдей қол жетімділік;

2 2) қажеттілік болып табылады.

4

4. Электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу үшін жалпыға бірдей қол жетімділігін анықтау Заңға және 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы», 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органмен жүзеге асырылады.

5

5. Электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу қажеттілігін анықтау үшін мемлекеттік орган пайдаланушылардан мемлекеттік органның интернет-порталында, «электрондық үкімет» веб-порталында сұрау жүргізеді, мемлекеттік органдардан жиі сұралатын ақпараттарды талдау арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу мақсатында олардың қажеттілері пайдаланушылармен кезекті күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп рет сұратылатын электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

2 Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматы

Қазақстан Республикасы
Ивестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 86 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) мен форматын анықтайды.

2 2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

1 1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – ашық деректер жиынтығын орналастыру үшін мемлекеттік органның жұмыс орны;

2 2) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3 3) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;

4 4) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылып сақталуын қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы;

5 5) ашық деректер жиынтығы – ашық деректер нысанында берілген жекелеген элементтерден тұратын, белгілер жиынтығын білдіретін, және ақпараттық жүйелерге адамның қатысуынсыз элементтерді сәйкестендіруге, мазмұндауға және өңдеуге мүмкіндік беретін біртипті деректердің жүйеленген жиынтығы;

5-1 5-1) кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі – XML) – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы деректерді сақтау және беру үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі;

6 6) модерация – пайдаланушылардыңашық деректерді орналастыруға және өзектендіруге сұрауларын «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторымен өңдеу;

7 7) пайдаланушы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;

8 8) «электрондық үкімет» веб-порталы– нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болатын ақпараттық жүйе;

9

9) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы (бұдан әрі - сервистік интегратор) – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, «электрондық үкiметтiң» және «электрондық әкімдіктiң» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

10 10) application programming interface (бұдан әрі –API) –қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі, сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшінқосымшамен (кітапханамен, сервиспен) берілетін дайын бағдарламалар жиынтығы;

11 11) java script object notation (бұдан әрі – JSON)– адамға оқуға және жазуға, сондай-ақ аппараттық-бағдарламалық кешендер үшіндеректер алмасуға қолайлы машина оқитын формат.

2 2-тарау. Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталында орналастыратын ашық деректерді ұсынудың тәртібі

3 3. Мемлекеттік орган иелігіндегі және (немесе) қарамағындағы электрондық ақпараттық ресурстардың негізінде интернет-порталда орналастырылатын ашық деректер тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қалыптастырады.

4 4. Мемлекеттік орган уәкілетті органға келісуге осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес интернет-порталда орналастырылатын ашық деректер тізбесін жібереді.

Уәкілетті органмен келісілген тізбе Заңның 9-бабының 15) тармақшасына және 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

5 5. Мемлекеттік орган бекітілген тізбеге сәйкес ашық деректер жиынтығын интернет-порталда орналастырады және өзектендіреді.

6 6. Мемлекеттік органдар сонымен қатар интернет-порталда өз бастамасы бойынша ашық деректер жиынтықтарын интернет-порталда орналастырады.

7 7. Уәкілетті орган ашық деректерде Қазақстан Республикасы халқының қажеттіліктері туралы «электрондық үкіметтің» веб-порталында қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелері бойынша интернет-порталда орналастыру үшін мемлекеттік органан ашық деректерді сұратады.

8 8. Қоғамдық пікір сауалнамасы «электрондық үкіметтің» веб-порталында сервистік интегратормен, сондай-ақ авторизацияланған пайдаланушылардың сауалдарын қабылдау және өңдеу жолымен өткізіледі.

9 9. Ашық деректерді орналастыруға немесе өзектендіруге сауал интернет-порталда «электрондық үкіметтің» веб-порталдың авторизацияланған пайдаланушыларымен жүзеге асырылады.

Сервистік интегратор ай сайынғы негізде ашық деректерді орналастыруға немесе өзектендіруге сұраулар модерациясын өткізеді. Модерациядан өткен сұраулар уәкілетті органмен мемлекеттік органға АЖО немесе ресми сұрау арқылы жіберіледі.

10

10. Сұратылған ашық деректерді ұсыну мүмкін болған жағдайда, мемлекеттік орган уәкілетті органнан сұрауды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген ашық деректер жиынтықтарын ұсыну форматын ұстана отырып, автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) арқылы интернет-порталда орналастырады немесе мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсынады немесе уәкілетті органды ашық деректерді орналастырудың жоспарланған күні туралы хабарлайды.
Ақпаратты ұсынудың мүмкін еместігінің жағдайында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 11-бабы 16-тармағымен көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік орган уәкілетті органға дәлелді жауапты жолдайды.
Сервистік интегратор сұрауды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде интернет-портал арқылы уәкілетті органның сұрауды қарауы мәртебесі туралы хабарламаны ашық деректерді орналастыруға немесе өзектендіруге сұрау берген пайдаланушыларға жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталында орналастыратын ашық деректерді беру форматы

11 11. Интернет-порталда АЖО көмегімен ашық деректер жиынтығын мемлекеттік органдардың орналастыруы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашық деректер жиынтығын ұсыну форматына сәйкес JSON форматында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдармен JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын аудару АЖО-да орналасқан құралды пайдалана отырып, жүргізіледі.
Мемлекеттік органдар құралды пайдалану үшін ашық деректер жинақтарын осы Қағиданың 3-қосымшада көрсетілген JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын көшіру жөніндегі құралды пайдалануға сипаттамаға сәйкес дайындайды.

12 12. Ашық деректер жиынтығы машинамен оқылатын түрде және ашық деректер жиынтығында ашықдеректер жиынтығын, ашық деректер жиынтығы жолдарының сипаттамасын қамтиды.

Ашық деректер жиынтығын ұсыну форматы ашық деректер жиынтығы жарияланымы форматын, формат бойынша ашық деректер жиынтығы туралы жолдардың сипаттамасын, ашық деректер жиынтығы алаңы атрибуттарының сипаттамасын қамтиды.

13 13. Мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсыну, егер ұсынылатын ақпарат XML және JSON форматта мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде болған жағдайда жасалады.

2-1 Интернет-порталда орналастырылатын ашық деректердің тізбесі

Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматына
1-қосымша
Нысан
Интернет-порталда орналастырылатын ашық деректердің тізбесі

Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­ның ата­уы
Өзек­тен­ді­ру ке­зе­ңі
Ұсы­ну мер­зі­мі
Де­реккөз (ашық де­ректер ин­тер­нет-пор­та­лы АЖО ар­қы­лы неме­се мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың API жүй­е­сі ар­қы­лы)
Жа­у­ап­ты тұл­ға

2-2 Ашық деректер жинақтарын беру форматы

Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматына
2-қосымша
Ашық деректер жинақтарын беру форматы

1 1. Ашық деректер жиынтығын жариялау форматы

{
"meta": {
"apiUri": "",
"nameKk": "",
"nameRu": "",
"nameEn": "",
"descriptionKk": "",
"descriptionRu": "",
"descriptionEn": "",
"keywords": [],
"responsible": {
"fullnameKk": "",
"fullnameEn": "",
"fullnameRu": "",
"phone": "",
"email": ""
}
"owner": {
"fullnameKk": "",
"fullnameEn": "",
"fullnameRu": "",
"phone": "",
"email": ""
},
"fields": {
"<fieldName>" : { "type": "Int | String | Double | Boolean | Date | Geoposition", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "", "datapath": "<apiUri>.<id>", "pkey": true},
"<fieldName>" : { "type": "Object", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "",
"fields": {}
},
"<fieldName>" : { "type": "List", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "", "elementType": " Int | String | Double | Boolean | Date | Geoposition | Object | List"
"fields": {}
}
}
},
"data": [{}..{}]
}

2 2. Формат бойынша ашық деректер жиынтығы туралы жолдардың сипаттамасы


Жол­дың ата­уы
Қа­зақ/орыс ті­лін­де жол­дың ти­пі
Жол­дың ти­пі
Ат­ри­бут­тар мәніне қой­ы­ла­тын қо­сым­ша (ар­найы) та­лап­тар
1
apiUri
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­ның­с­әй­кестен­дір­гі­ші
Жол (100)
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­ның бі­ре­гей сәй­кестен­дір­гі­ші
2
NameKk /NameRu
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­ның ата­уы
Жол (255)
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­ның то­лық ата­уы
3
DescriptionKk/
descriptionRu
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­ның си­патта­ма­сы
Мәтін
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­ның то­лық си­патта­ма­сы
4
Keywords
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­ның түй­ін­ді сө­зде­рі
Мас­сив/Ті­зім
Түй­ін­ді сө­здер
5
Responsible.fullnameKk/Responsible.fullnameRu
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­на жа­у­ап­ты тұл­ға
Жол (100)
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­на жа­у­ап­ты тұл­ға­ның ТАӘ
6
Responsible.phone
Те­ле­фон нө­мі­рі
Жол (50)
Жа­у­ап­ты тұл­ға­ның те­ле­фон нө­мі­рі
7
Responsible.email
Элек­трон­дық по­шта ад­ре­сі
Жол (50)
Жа­у­ап­ты тұл­ға­ның элек­трон­дық по­шта ад­ре­сі

3 3. Ашық деректер жиынтығы жолдарының сипаттамасы


Жол­дың ата­уы
Қа­зақ/орыс ті­лін­де­гі­жол­дың ти­пі
Жол­дың ти­пі
Ат­ри­бут­тар мәніне қой­ы­ла­тын қо­сым­ша (ар­найы) та­лап­тар
Ашық де­ректер жиын­тығ­ы­на мы­сал
1
Жол­ды­ңа­та­уы*
Бү­тін сан­дар
Int
Ат­ри­бут сан­дық ма­ғы­на­ны қам­ти­ды
id: { type: "Int", labelKk: "ИД", labelRu: "ИД", labelEn: "ID", pkey: true},
2
Бү­тін емес сан­дар
Double
Ат­ри­бут сан­дық емес ма­ғы­на­ны қам­ти­ды
3
Жол
String
Ат­ри­бут ма­ғы­на­сы тек сим­вол­дар­ды қам­ти­ды:
Қа­зақ және орыс әліп­пе­сі­нің бас (жа­зы­л­ған) және кі­ші әріп­те­рін қам­ти­ды – [A, Я] және [а, я].
«Нө­мір» бел­гі­сі
«Сызық­ша» бел­гі­сі
«Дө­ге­лек» жақ­ша­лар
Сөз бөл­гіш – «ара­лық»да­ра ны­шан
«Үтір»бел­гі­сі
«Нүк­те» бел­гі­сі
title: { type: "String", labelKk: "Ата­уы", labelRu: "Ата­уы", labelEn: "Title"}
4
Ло­ги­ка­лық ма­ғы­на
Boolean
true/false
published: {type: "Boolean", labelKk: "Жа­ри­я­лан­ған", labelRu: " Жа­ри­я­лан­ған ", labelEn: "Published"},
5
Мер­зі­мі
Date
Ат­ри­бут мер­зім­ді қам­ти­ды. Мәні­мы­на­дай түр­де: КК-АА-ЖЖ­ЖЖ сс:мм
date: {type: "Date", labelKk: "Мер­зім", labelRu: "Мер­зім", labelEn: "Date"},
6
Гео­по­зи­ция
Geoposition
Ат­ри­бут жер бе­т­ін­де­гі нүк­те­нің ор­на­ла­суы­ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­ды–
Ко­ор­ди­на­тар Х: ко­ор­ди­нат­тар У
7
Па­рақ
List
Ат­ри­бут List­де­ректер­дің ке­ңей­ті­ле­тін мас­си­він қам­ти­ды
8
Объ­ект
Object
Ат­ри­бут бас­қа неме­се са­лы­ным объ­ек­ті­ле­рі­нің си­патта­ма­сы үшін пай­да­ла­ны­ла­ды

4 4. Ашық деректер жиынтығы жолдары атрибуттарының сипаттамасы


Ат­ри­бут­тың ата­уы
Ат­ри­бут­тың си­патта­ма­сы
Бо­лжал­ды мәті­ні
1
type
Ат­ри­бут жол ти­пін көр­се­те­ді
Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List
2
labelKk
Қа­зақ ті­лін­де­гі ат­ри­бут­тың ата­уы
3
labelRu
Орыс ті­лін­де­гі ат­ри­бут­тың ата­уы
4
elementType
Ат­ри­бут мас­сив ішін­де­гі объ­ек­ті­нің ти­пін көр­се­те­ді
Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List
5
pkey
Ат­ри­бут жол­бі­ре­гей сәй­кестен­дір­гі­ші бо­лып та­бы­ла­тын мәнін көр­се­те­ді
true, false
6
fields
Ат­ри­бут объ­ек­ті­нің іш­кі жо­лын си­паттай­ды
7
datapath
Ат­ри­бут бі­ре­гей сәй­кестен­дір­гі­ші бар де­ректер­дің бас­қа да жиын­тығ­ы­ның сі­л­те­ме­сіне ар­нал­ған
"<жи­нақ сәй­кестен­дір­гі­ші>.< объ­ект сәй­кестен­дір­гі­ші>"

2-3 JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын аудару құралын пайдалануға сипаттама

Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматына
3-қосымша
JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын аудару құралын пайдалануға
сипаттама

1 1. Ашық деректер жиынтығының сипаттамасы

*толтыруға арналған міндетті жолдар
Жол­дың ата­уы
ма­ғы­на­сы
үл­гі
*Де­ректер жиын­тығ­ы­ның иден­ти­фи­ка­то­ры
* Қа­зақ ті­лін­де­гі де­ректер жиын­тығ­ы­ның ата­уы
Аста­на қа­ла­сы­ның дә­рі­ха­на­ла­ры
*Орыс ті­лін­де­гі де­ректер жиын­тығ­ы­ның ата­уы
Ап­те­ки го­ро­да Аста­ны
*Қа­зақ ті­лін­де­гі де­ректер жиын­тығ­ы­ның си­патта­ма­сы
Бұл жи­нақ­та дә­рі­ха­на­лар­дың ата­уы, жұ­мыс іс­теу уа­қы­ты, ме­кен­жайы, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, гео нүк­те­сі, ли­цен­зия аяқ­та­лу мер­зі­мі ту­ра­лы де­ректер бар.
*Орыс ті­лін­де­гі де­ректер жиын­тығ­ы­ның си­патта­ма­сы
В дан­ном на­бо­ре со­дер­жит­ся ин­фор­ма­ция о на­име­но­ва­ни­ях ап­тек, гра­фик ра­бо­ты, ад­рес, кон­такт­ные те­ле­фо­ны, гео­ко­ор­ди­на­ты и срок ис­те­че­ния ли­цен­зии.
*Қа­зақ және орыст іл­де­рін­де түй­ін­ді сө­здер
Дә­рі­ха­на, дә­рі-дәр­мек, ап­те­ка, ле­кар­ства
*Қа­зақ ті­лін­де­гі жа­у­ап­ты тұл­ға­ның Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да)
Ах­мет­жа­но­ва На­зер­ке Се­ри­ков­на
*ФИО (при его на­ли­чии) от­вет­ствен­но­го ли­ца на рус­ском язы­ке
Ах­мет­жа­но­ва На­зер­ке Се­ри­ков­на
*Орыс ті­лін­де­гі жа­у­ап­ты тұл­ға­ның Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да)
*Жа­у­ап­ты тұл­ға­ның те­ле­фон нө­мі­рі
*Жа­у­ап­ты тұл­ға­ның элек­трон­дық по­шта­сы

2 2. Ашық деректер жиынтығыжолдарының сипаттамасы

*толтыруға арналған міндетті жолдар
Жол
*Қа­зақ ті­лін­де­гі жол­дың ата­уы
*Орыс ті­лін­де­гі жол­дың ата­уы
*Жол­дың ти­пі
*Мер­зім­нің фор­ма­ты (жол­дың ти­пі кү­ні бол­са)
Де­ректер жиын­тығ­ы­ның ішін­де­гі нақ­ты объ­ек­ті­ге сі­л­те­ме
Жол бі­ре­гей сәй­ке­сетн­дір­гіш бо­лып та­бы­ла­тын мән­ді көр­се­ту
Мас­сив ішін­де­гі объ­ек­ті ти­пін көр­се­ту
**Үл­гі
id
иден­ти­фи­ка­тор
иден­ти­фи­ка­тор
String
true
name
Ата­уы
На­зва­ние
String
false
region
Об­лыс
Ре­ги­он
String
false
geoposition
Гео нүк­те
Гео­по­зи­ция
Geoposition
false
address
Ме­кен жайы
Ад­рес
Address
false
schedule
Жұ­мыс іс­теу уа­қы­ты
Гра­фик ра­бо­ты
Text
false
expireDate
Ли­цен­зия аяқ­та­лу­мер­зі­мі
Срок ис­те­че­ния ли­цен­зии
Date
DD.​MM.​YYYY
false
📌 Ескертпе. Ашық деректер жиынтығы жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Өлшемшарттардың 2-қосымшасында көрсетілген.

3 3. Ашық деректер жиынтығын қалыптастыру үлгісі

id
name
region
geoposition
address
1
Гип­по­крат
Аста­на
51.117469,71.428171
г. Аста­на , Ж.М."Ильин­ка" ул. Есет ба­ты­ра д.18
2
Ап­те­ка
Аста­на
51.121077,71.419938
г. Аста­на, м-н До­стык ул. Са­у­ран д.5

Қолданыстағы