Об утверждении перечня информационных систем и электронных информационных ресурсов, осуществляющих межгосударственное информационное взаимодействие через национальный шлюз Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня информационных систем и электронных информационных ресурсов, осуществляющих межгосударственное информационное взаимодействие через национальный шлюз Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1201
- Қабылданған күні
- 14.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2022 99995_566664.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500013283
- ЭКБ идентификаторы
- 99995
- Редакция идентификаторы
- 99995_566664
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:04
0 Қазақстан Республикасының
ұлттық шлюзі арқылы
мемлекетаралық ақпараттық өзара
іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық
жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың
тізбесін бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):
1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы «__»________________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
___________ Е. Имашев
____ жылғы «__»________________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
____ жылғы «__»________________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________Б. Сұлтанов
____ жылғы «__»________________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
___________ Д. Ақышев
____ жылғы «__»________________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
____ жылғы «__»________________
0 Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1201 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі