Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

104-бап. Қазыналық кәсiпорын

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын қазыналық кәсiпорын деп танылады.
2. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешiмiмен құрылады.
3. Құрылтайшы бекiткен қазыналық кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
4. Жедел басқару құқығына негiзделген кәсiпорынның фирмалық атауында кәсiпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуге тиiс.
5. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда көрсетiлген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен белгiленедi.
6. Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қазыналық кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңында белгiленген тәртiппен туындайды. VII. Коммерциялық емес ұйымдар
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-104/