Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
105-бап. Мекеме
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн өзінің құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мекеме деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекет құратын және егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме болып танылады.
3. Мемлекеттiк мекеменiң шарттық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мекемелердің құқықтық жағдайы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-105/