Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

106-бап. Қоғамдық бiрлестiктер

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, егер заңдармен өзгеше көзделмесе, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады. Қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың қоғамдық бiрлестiктерді құру және оларға қатысу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің (қатысушыларының) осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, оның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары болмайды. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар өздері мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 2 - 6. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.
7. Съездiң (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады. Сот шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi осы Кодекске немесе өзге заңдарға сәйкес пайдаланылады.
8. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтық ережесi осы Кодекске, заңдарға сәйкес белгiленедi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-106/