Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

109-бап. Дiни бiрлестiк

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заңдарда белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.
2. Алып тасталды - 1998.03.02. N 211 Заңымен.
3. Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер әдiлет органдарында тiркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай дiни бiрлестiктер жарғыларының (ережелерiнiң) негiзiне алынуы мүмкiн.
4 - 8. Алып тасталды - 1998.03.02. N 211 Заңымен.
9. Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған, азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заңдарға қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
10. Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
11. Дiни бiрлестiктiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-109/