Кіру
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

110-бап. Жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгi

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Жеке кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады. Заңды тұлғалардың қаржы рыногында қызметтi жүзеге асыратын қауымдастығын (одақтарын) құру және оларға қатысу ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заңдарда белгіленеді белгiленедi.
2. Қоғамдық бiрлестiктер және өзге де коммерциялық емес ұйымдар, соның iшiнде мекемелер осы ұйымдардың қауымдастығына (одақтарына) өз еркiмен бiрiге алады.
3. Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады.
4. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өз дербестiгiн сақтап қалады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртiппен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Параграф 3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-110/