Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
162-бап. Жарамсыз мәмiлелер бойынша талап қою мерзiмдерi
ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII
1. Алып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.
2.
Осы Кодекстiң 159-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген негiздер бойынша мәмiленiң жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап мерзiмi зорлық немесе қорқыту ықпалымен мәмiле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын өзге де мән-жайларды бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап бiр жыл болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-162/