ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) Қолданыста Кодекс ·№ 268-XIII ·27.12.1994
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

163-бап. Өкiлдiк

ГРАЖДАНСКИЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН (ОБЩАЯ ЧАСТЬ) · № 268-XIII

1. Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң) сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi және тоқтатады. Өкiлеттiк өкiлдiң (бөлшек сауда жүйесiндегi сатушы, кассир және т.б.) әрекет жасаған жағдайынан да көрiнуi мүмкiн.
2. Өкiл жасаған мәмiле бойынша тiкелей өкiлдiк берушiде құқықтар мен мiндеттер пайда болады.
3. Өкіл жеке өзіне қатысты да, сонымен бірге өзі өкілі болып табылатын басқа адамға қатысты да өкілдік берушінің атынан мәмілелер жасай алмайды. Бұл қағида коммерциялық өкілдікке қолданылмайды.
4. Басқалардың мүдделерi үшiн болса да өз атынан әрекет ететiн адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлiк кезiнде өсиеттi орындау тапсырылған адамдар және т.б.), сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкiн мәмiлелерге қатысты келiссөз жүргiзуге уәкiлдiк берiлген адамдар өкiлдер болмайды.
5. Сипаты жөнiнен тек жеке өзi ғана жасауға болатын мәмiленi, сондай-ақ заңдарда көзделген реттердегi басқа да мәмiлелердi өкiл арқылы жасауға жол берiлмейдi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gk/st-163/