Об отмене карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей золотистой картофельной нематодой (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) и внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 28 июля 2014 года № 202 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об отмене карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей золотистой картофельной нематодой (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) и внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 28 июля 2014 года № 202 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы аумағында алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 320
- Қабылданған күні
- 04.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2021 160080_544222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21V0025065
- ЭКБ идентификаторы
- 160080
- Редакция идентификаторы
- 160080_544222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:07
0
Шығыс Қазақстан облысы аумағында алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 05/578 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер телімдерінде карантин режимінің күші жойылсын:
1 1) Семей қаласы, «Бобровка» саяжай алқабы, Садыков Д.А., № 4487 саяжайы, зақымданған алаң – 0,075 гектар;
2 2) Семей қаласы, Приречный ауылдық округі, қордағы жерлер, зақымданған алаң – 4,5 гектар.
2 2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3 3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
10 Алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 320 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы «28» шілдедегі
№ 202 қаулысына
3-қосымша
Алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Аудандар, ауылдық округтер және қалалардың атаулары
№ п/п
Жер учаскесінің тиесілігі
Зақымданған алаң, гектарда
Семей қаласы, «Бобровка» саяжай алқабы
1
Елюбаев М.А., № 4375 саяжай
0,063
2
Карагозов Е.Т., № 4481 саяжай
0,052
3
Соловьева Т.В., № 1628 саяжай
0,03
4
Сәрсенбина Ж.Т., № 4370 саяжай
0,06
5
Шалев А.И., № 3296 саяжай
0,068
6
Зольникова Н.Н., № 4488 саяжай
0,06
7
Еркінбеков Ж.Р., № 4369 саяжай
0,017
8
Рожков А.С., № 893 саяжай
0,06
9
Степин Б.В., № 1649 саяжай
0,06
10
Скачова Н., № 4384 саяжай
0,06
11
Кулько И.И., № 958 саяжай
0,086
12
Матвеенко Е.И., № 4385 саяжай
0,06
13
Калганов В.А., № 3298 саяжай
0,02
14
Дурманов С.А., № 1636 саяжай
0,03
15
Садвакасова К.К., № 915 саяжай
0,06
Барлығы
0,786