Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Шыбынды-Gold»

Қаулы · № 449 · қабылданған 26.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/gold/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Шыбынды-Gold» Қолданыста Қаулы ·№ 449 ·26.09.2025
26.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Шыбынды-Gold»

Қолданыста Қаулы ·№ 449 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Шыбынды-Gold»
Атауы (қаз.)
«Шыбынды-Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
449
Қабылданған күні
26.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
12.10.2025
Көрсетілген редакция
26.09.2025 214914_798619.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25VQ00449A
ЭКБ идентификаторы
214914
Редакция идентификаторы
214914_798619
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:59

0 «Шыбынды-Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, «Шыбынды-Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2025 жылғы 9 қарашадағы өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Шыбынды-Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2029 жылғы 18 мамырға дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жалпы алаңы 120,6 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-020, жалпы алаңы 29,2 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-036 жеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Шыбынды-Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.

3 3. «Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Садуакасовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы