Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
133-1 бап. Азаматтық сот ісін жүргізу форматы
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Азаматтық сот ісін жүргізу талап қоюшы таңдаған сотқа жүгіну тәсіліне қарай қағаз немесе электрондық форматта жүргізіледі.
2. Сот тараптардың пікірін және процесті жүргізудің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, сот ісін жүргізу форматын өзгерте алады, бұл туралы уәжді ұйғарым шығарады.
3. Сот ісін электрондық форматта жүргізу кезінде электрондық азаматтық іс қалыптастырылады.
Бұл ретте соттың автоматтандырылған
цифрлық жүйесінде орналастырылған электрондық сот актісі сот актісінің төлнұсқасы болып табылады.
4. Сот ісін жүргізу форматы өзгертілген кезде, іс материалдары тиісті форматқа өзгертіледі және оларды судья куәландырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-133-1/