Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

133-2-бап. Электрондық құжаттар

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Соттың, iске қатысатын адамдардың процестік актілері мен әрекеттерi электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресiмделуi мүмкiн. Көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында электрондық құжатты пайдалануға жол берілмейтін жағдайларды қоспағанда, жазбаша нысандағы құжаттармен бірдей мәнге ие.
1-1. Соттың процестік құжаттарының жобалары соттың автоматтандырылған цифрлық жүйесі пайдаланылып дайындалуы мүмкін.
2. Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптарды және оның соттың автоматтандырылған цифрлық жүйесінде айналыс тәртібін сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-133-2/