Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

180-бап. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және оны орындау

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Іс жүргізуінде іс жатқан судья (сот құрамы) дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
2. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым "Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және осы Кодекстің 176, 177-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
3. Егер тараптар медиация тәртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе келісімнің шартын сот бекітпесе, істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.
4. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы сот бекіткен келісімді орындау осы Кодекстің 178-бабында белгіленген татуласу келісімін орындау қағидалары бойынша жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-180/