Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

181-бап. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Тараптар осы Кодекстің 179-бабында көзделген қағидалар бойынша сот шешім шығару үшін шығып кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.
2. Партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз «Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес екі тарап адвокаттарының не заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың жәрдемдесуімен дауды реттеу бойынша тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы өткізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-181/