Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

222-бап. Шешiмдi жария ету

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Соттың шешiмi қабылданып, оған қол қойылғаннан кейiн судья шешiмді толық не оның қарар бөлiгiн жария етедi.
2. Төрағалық етуші сот шешімінің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларын, шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді, шешімнің түпкілікті нысаны дайын болатын және іске қатысатын адамдар оның көшірмесін алуға болатын күнді жариялайды.
3. Төрағалық етушi осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейiн сот отырысын жабық деп жариялайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-222/