Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

223-бап. Шешiм шығару

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Iстi мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы соттың сот актісі шешiм нысанында шығарылады.
2. Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың болуына жол берілмейді.
3. Сот істі талқылағаннан кейін сот шешімін шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығып кетеді. Сот шешімді жария етуді осы Кодекстің 183-бабының екінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іске қоса тіркелуге тиіс.
4. Түпкілікті нысандағы шешім шешімнің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындалуға тиіс. Осы баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында көзделген жағдайда түпкілікті нысандағы шешім ол жария етілгенге дейін дайындалуға тиіс.
4-1. Жария етілген шешімді түпкілікті нысанда дәлелді себептер бойынша дайындауға мүмкіндік болмаған кезде, шешімнің судья қол қойған қарар бөлігіне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-223/