Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
225-бап. Шешiм шығару кезінде шешiлетiн мәселелер
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Шешiм шығарған кезде сот дәлелдемелерді бағалайды, iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенiн, осы iс бойынша қандай заң қолданылуға тиiс екенiн және мәлімделген талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды.
2. Сот істі талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде шешеді.
3. Сот шешім шығару үшін
кеңесу бөлмесіне шығып кеткеннен кейін iс үшiн маңызы бар мән-жайларды қосымша анықтауды немесе дәлелдемелердi зерттеудi қажет деп тауып, iстi мәнi бойынша қарауды қайта бастау туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Сот iстi мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейiн сот жарыссөздерiн, ал осы Кодекстiң 219-бабында көзделген жағдайда, прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-225/