Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

237-бап. Шешiмдi түсiндiру

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Шешiм түсiнiксiз болған жағдайда істi қараған сот iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтінішхаты бойынша шешiмнің мазмұнын өзгертпей, оны түсiндiруге құқылы. Егер шешім әлi орындалмаса және оның мәжбүрлi түрде орындалуы мүмкiн мерзiмі өтпесе, шешiмді түсіндіруге жол беріледі. Сот шешiмдi түсiндiру туралы арызды, өтінішхатты олар сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
2. Судья шешімді түсіндіру туралы арызды сот отырысын өткізбестен шешеді. Іске қатысатын адамдар шешімді түсіндіру туралы арыздың келіп түскені туралы хабарландырылады және олар сотқа арызға пікірін жіберуге құқылы.
3. Шешiмді түсiндiру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады. Соттың шешімді түсіндіруден бас тарту туралы ұйғарымы шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-237/