Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

272-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Сот:
1) егер даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол беретін болса, азамат қайтыс болған немесе заңды тұлға қайтадан ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған;
3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында болған немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жүрген талап қоюшы өтініш берген;
4) азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін бұл істі қарау мүмкін болмаған;
5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт, оның жекелеген ережелері адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан және осы актіні, оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының басқа соттың бастамашылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің, оның жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеріп жатқандығы белгілі болған;
6) құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған;
7) тараптар медиатормен медиация жүргізу туралы шарт жасасқан жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті. Медиацияны жүргізу мерзімін ұзартқан кезде тараптар бұл туралы бірлескен жазбаша хабарламамен сотқа хабарлауға тиіс;
8) бала туралы дауға байланысты іс бойынша соттың заңсыз түрде Қазақстан Республикасына алып өткен немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы қайтару туралы немесе егер бала Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көрсетілген, осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын жасқа толмаған болса, балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде берілген арызды іс жүргізуге қабылдау туралы сот ұйғарымының көшірмелері келіп түскен жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-272/