Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

273-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

Сот:
1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындау үшін тартылған;
1-1) іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері болған жағдайларда іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады. Іс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн еңсерілмейтін күштің әсері деп төтенше жағдайдың енгізілуін, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай қатерін немесе туындауын түсiнген жөн;
2) заңды тұлғалар өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын уақытта қызметтік іссапарда болған;
3) заңды тұлға өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап медициналық ұйымда стационарлық емдеуде болған;
4) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сотқа тапсырылған өтініш;
5) бала асырап алу туралы істер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді тағайындаған;
6) сот сараптама тағайындаған;
7) сотта медиация жүргізілген немесе партисипативтік рәсім жүргізілген;
8) осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайларда жауапкер және (немесе) бала іздестіруде болған жағдайларда іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-273/