Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
279-бап. Талап қоюды қараусыз қалдырудың негіздері
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
Сот, егер:
1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;
2) талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
3) егер талап қоюшы мәлімделген талапты қолдамаса, талап қоюға қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса немесе оны берсе;
4) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша бұрын қозғалған iс болса;
5) егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктің немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешуіне беру туралы келісім жасалса;
6) істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
7) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса;
8) талап қоюшы талап қоюды қайтарып алу туралы арыз берсе;
9)
жоғалған ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы істер жөніндегі арыз жарияланған күннен бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе;
10) жылжымайтын затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы арыз заңда белгіленген мерзімнен бұрын берілсе немесе заңда көзделген жылжымайтын мүлікті иесіз деп тіркеу рәсімдері бұзыла отырып берілсе;
11) осы Кодекстің 105-бабының үшінші бөлігінде және 106-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік баж төленбесе;
12) осы Кодекстің 34-тарауында көзделген ерекше іс жүргізудегі істер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер ұсынылмаса;
13) істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде талап қою ісін жүргізуде қаралуға жататын, соттың ведомстволығындағы құқық туралы даудың бар екені анықталса, талап қоюды қараусыз қалдырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-279/