Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
280-бап. Талап қоюды қараусыз қалдырудың тәртібі мен салдары
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Талап қою қараусыз қалдырылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот істі қарауға кедергі келтіретін, осы Кодекстің 279-бабының 1), 2), 3), 9) және 10) тармақшаларында санамаланған мән-жайларды қалай жою керек екенін көрсетуге міндетті. Осы Кодекстің 279-бабының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап қоюды қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтару және талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жою туралы көрсетеді.
2. Талап қоюды қараусыз қалдыру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
3. Талап қоюды қарау үшін қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі тұлға жалпы тәртіппен сотқа тағы да талап қоюды беруге құқылы.
Ұйғарымның көшірмесі талап қоюға қоса берілген материалдармен бірге талап қоюшыға жіберіледі немесе табыс етіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-280/