Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

281-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жекелеген процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады. Іске қатысатын адамдардың барлығы сот отырысына келмеген не сот отырысы жаңа дәлелдемелер зерттелмей өткізілетін жағдайда, сот отырысының хаттамасын жүргізу туралы мәселені судья шешеді.
2. Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде осы сатыда шешім даудың мәні бойынша шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама тараптың өтінішхаты бойынша не соттың бастамасы бойынша жүргізіледі.
3. Істі апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайтын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінде және 420-бабының төртінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жаңа дәлелдемелер зерттелген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізу міндетті емес.
4. Кассациялық сатыдағы сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында хаттама жүргізілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-281/