Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

347-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды қарау

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арызды судья арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
2. Іс мәжбүрлеп емделуге жіберілетін азаматтың қатысуымен сот отырысы залында не осы науқасқа медициналық (диспансерлік) бақылауды жүзеге асыратын туберкулезге қарсы мекеменің орналасқан жері бойынша қаралады. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымның, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің және прокурордың деректері бойынша адам аурудың таралу қатеріне байланысты айналасындағылар үшін қауіп төндіретін жағдайда, іс адамның қатысуынсыз не бар болған кезде бейнеконференцбайланыс құралдары пайдаланыла отырып қаралуы мүмкін.
3. Іс азаматтың, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыну енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қаралады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-347/