Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

348-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім туберкулезбен ауыратын азаматты туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға заңда белгіленген мерзімге мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін негіз болып табылады.
3. Туберкулезбен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде толық емделу курсынан өтпеген азаматты мәжбүрлеп емдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген тәртіппен босатылған жері бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда жүзеге асырылады.
4. Туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.
5. Туберкулезбен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылатын азаматты жіберу туралы сот шешімін орындауды осы мекемеге хабарлау негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-348/