Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

377-бап. Арыздың мазмұны

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

Арызда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремистік немесе террористік деп танылуы мүмкiн әрекетті ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыру фактiсiн не оның өз атауын өзгерту фактісін, сондай-ақ ақпараттық материалдарда экстремизм немесе терроризм белгілерінің және (немесе) оған шақырудың болуы фактісін растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс. Прокурордың ұйымды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы арызында қамтылған материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, оның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн қамтуы мүмкiн.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-377/