Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

378-бап. Арыз бойынша сот шешімі

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

Сот ұйымды экстремистік немесе террористік деп және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тани отырып, ұйымның қызметіне тыйым салу және оны тарату және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына ақпараттық материалдарды әкелуге, шығаруға, дайындауға және (немесе) таратуға тыйым салу туралы, сондай-ақ ұйымның мүлкін тәркілеу және мемлекет кірісіне айналдыру туралы шешім шығарады. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы соттың шешімі бұл туралы мәлiметтердi өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның арнайы есепке алу жүйесiне қосу үшiн негiз болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-378/