Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
383-бап. Арыздың мазмұны
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1.
Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызда Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны туралы куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.
2.
Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызға шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-383/